Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » САЛА МАМАНДАРЫНЫҢ ФОРУМЫ

САЛА МАМАНДАРЫНЫҢ ФОРУМЫ

20 қыркүйек күні Астана қаласында БҰҰ Даму бағдарламасы, ЮНИСЕФ-тің көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымының, ЕҚЫҰ, БҰҰ жанындағы әйелдер ұйымының қолдауымен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұйымдастыруымен Қазақстан әлеуметтік сала мамандарының форумы өтеді.

Форумды өткізудегі мақсат – әлеуметтік қорғау жүйесіндегі әлеуметтік қызметкерлердің рөлін нығайту, қазіргі заманғы қоғамдағы олардың рөлін тану, саланың дамуының негізгі ұстанымдарын айқындау және тәжірибе алмасу.

Әлеуметтік саланы дамыту жолындағы мемлекеттік қолдаулар мен оның басым бағыттары туралы халықаралық сарапшылармен тәжірибе алмасу арқылы ұлттық жүйе қалыптастыру, тиімді шешімдер мен ұсыныстар дайындауда инновациялық тәсілдерді қолдану — Форумның негізгі міндеттері болып отыр.

Форум әр түрлі тақырыптар бойынша сегіз секциялық отырыстарды қамтиды: мүгедектермен әлеуметтік жұмыс мәселелері, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары, құл саудасы, белгілі тұрағы жоқ және тұтқындармен жұмыс жүргізудегі әлеуметтік қызметшілердің біліктілігін арттыру. Бұл орайда дағдарыс және кеңес орталықтарының басшылары, ҮЕҰ өкілдері, халықаралық сарапшылар, мемлекеттік органдардың үйлестіру өкілдері өз ойларын ортаға салып, проблеманы бірлесіп шешу жолдарын ұсынатын болады.

Форум аясында сондай-ақ Парламенттің, Үкіметтің, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері, қала және облыс әкімдері, халықаралық және ұлттық орталықтардың сарапшылары пленарлық отырыстарға қатысып, баяндама жасайтын болады. Кездесу барысында халықты әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің Этикасы туралы жаңа кодекс қабылданады деп күтілуде.

Форумның қорытынды бөлігінде әлеуметтік қорғау саласының үздіктерін марапаттау рәсімі өтіп, формуға қатысушыларға арналған концерттік бағдарлама ұсынылатын болады.

Өз тілшімізден

Пікір жазу