Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ТҮБІРТЕКТІ ТАЛАП ЕТ!

ТҮБІРТЕКТІ ТАЛАП ЕТ!

Мемлекеттік кірістер комитеті жыл сайын «чекті талап ет те, жүлде ұтып ал» атты республикалық акция өткізеді. Бұл акция биыл да жалғасуда.

Аталған акцияға «Wipon» мобильді қосымшасы арқылы онлайн — БКМ фискальды чекті жөнелтіп, жүлдеге 200 теңгеден 5000 теңгеге дейін ұтыс шыққан тұлғаның телефонына бірлік ретінде алу мүмкіндігі бар. Акция 2020 жылдың 1 желтоқсанына дейін өткізіледі.

БКМ чектерін бермеу жолымен тиесілі салықты төлемейтін, кірістерін жасыратын азаматтарға қатысты нөлдік төзімділікке азаматтық қоғамды тарту мақсатында чектерін бермеу фактілерін анықтау бойынша «Халықтық бақылау – Түбіртекті талап ет!» акциясы жүргізіледі.

Осы ретте Шымкент қаласы тұрғындарына ескерте кетсек, тауарларды сатып алу немесе қызметтерді алу кезінде бақылау-касса машиналарының чектерін бермеу түрінде бұзушылықтарға нөлдік төзбеушілік көрсету қажет. Өткізіліп жатқан акцияға белсенді қатысыңыздар, бұл өз кезегінде көлеңкелі экономиканың қысқаруына жəне мемлекетіміздің əл-ауқатының артуына септігін тигізеді.

Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Пікір жазу