Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 48 БАЛА БАСПАНАМЕН ҚАМТЫЛДЫ

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 48 БАЛА БАСПАНАМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Бұл туралы қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бүгінде Шымкент қаласы бойынша 29 жасқа дейінгі 1698 балалар тұрғын үй кезегінде есепте тұр. Оның ішінде кәмелетке толмаған балалар саны – 589-ды құрайды.

Бұған дейін 2016-2018 жылдары тұрғын үй кезегіндегі 345 бала, 2019 жылы 108 бала баспанамен қамтылып, республика бойынша алғашқы 3 орынға шыққан болатын. Ал ағымдағы жыл басынан бері 48 жетім балалар баспанамен қамтылған.

Сонымен қатар, былтырғы жылы мектеп бітірген 46 тәрбиеленуші жоғары және орта арнаулы оқу орындарына оқуға түсіп, тегін білім алуда. Оның ішінде 30 – мемлекеттік грант, 10 – колледждің гранты, 2 — оқу орнының ректорының грантына түссе, 4 – басқарманың қаладағы жоғары оқу орындарымен жүргізілген келіссөздердің қорытындысымен берілген.

Биыл 64 бала 9-сыныпты, 57 бала 11-сыныпты бітірмек. Олардың білім алуына басқарма тарапынан жағдайлар жасалып, ұлттық біріңғай тестілеуге дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің санын азайту мақсатында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар отбасыларға қорғаншылық, қамқоршылық, патронаттық тәрбиеге берілуде.

Бұл балалардың «үйдегідей» отбасында тәрбие алуына, отбасылық өмір мен нарықтық жағдайға бейімделе отырып, өмірлік жолын табуға оң септігін тигізбек.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу