Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ТОСҚАУЫЛ ЖОҚ, БЕКЕТ ЖОҚ – ЕҢ БАСТЫСЫ, СӨКЕТ ЖОҚ!..

ТОСҚАУЫЛ ЖОҚ, БЕКЕТ ЖОҚ – ЕҢ БАСТЫСЫ, СӨКЕТ ЖОҚ!..

Иә, иә, басында тұрғындар біраз шамданып, тіпті елдегі енгізілген ережелерге бағынғысы келмей, сан-саққа ойын жүгірткені рас. Десек те, жаман індеттің кең таралмауына осы орнатылған тосқауыл бекеттерінің де жәрдемі болды деп айта аламыз.

Ал, бүгін сол әбіржу, жүйке жұқарту, беталды бүліну келмеске кетті. Өйткені,, енді Шымкент қаласын басқа әлемнен ажыратып тұратын тосқауыл бекеттері алынып тасталды.

Блок-бекеттердің алынуына арнайы келіп қатысқан үшінші мегаполистің үшінші әкімі полиция мен медицина қызметкерлеріне, қала тұрғындарына алғысын айтып, алдағы уақытта да ынтымағымыз ажырамай, кез-келген қауіпке бір кісідей қарсы қасқайып тұра алатынымызға үміт артты. Иә, расында да, негізгі ауыртпалық ақ желеңді абзал жандар мен тәртіп сақшыларына түскені белгілі.

Бүгін реті келгенде, тосқауыл бекеттердің жабылуына қатысқан Шымкент қалалық полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Ералы Жұмаханбетовке, департамент бастығының орынбасары, полиция полковнигі Алмас Әмзеевке, бүкіл полицияның жеке құрамына Алланың нұры жаусын деп тілек білдіреміз!..

© Әсет Әссанди,
Шымкент қаласы бойынша
Арнайы мониторингтік топ жетекшісі.

Пікір жазу