Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ШАРУАНЫҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

ШАРУАНЫҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

Бәйдібек ауданының әкімі Ержігіт Шәріпбеков Бөген ауылдық округіне жұмыс сапармен барды. Сапар барысында аудан басшысы бірінші округ аумағындағы «Мырзахмет ата» өндірістік кооперативінің төрағасы Айдар Байысбековпен кездесіп, кооператив жұмысымен танысты. Аталған ӨК өткен жылы ауыл шаруашылығы қолдау қорынан несие алып, шетелден 96 бас сиыр әкеліп, жұмыс жасап отырған шаруашылық.

Одан кейін егін және мал шаруашылығымен айналысып отырған «Шонай» шаруа шаруашылығының төрағасы Бауыржан Әлімбековпен кездесіп, жұмысымен танысты. 140 гектар жерге қарабидай сортын еккен егістік алқабында болды. Екі шаруашылықтың төрағалары аудан басшысымен кездесу барысында ауыл шараушылығына байланысты бірқатар мәселелерін айтып, шешіп беруін сұранды. Бұл жөнінде аудан басшысы тиісті сала бойынша орынбасары мен бөлім басшысына тапсырма жүктеді.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу