Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРМЕН ЖИЫН ӨТТІ

ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРМЕН ЖИЫН ӨТТІ


Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі Бағдатбек Жанғазиев аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен аудандық жұмыспен қамту орталығының қызметкерлерімен жиын өткізді, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

Жиынның күн тәртібінде аталған бөлім мен орталықтың атқарып жатқан жұмыстары атап айтқанда төтенше жағдай кезінде азаматтарға төленетін түрлі әлеуметтік жеңілдік қаржылай көмектерге құжаттар рәсімдеу барысы бойынша атқарылған жұмыстар қаралды. Сондай-ақ әр ауылдық округтегі әлеуметтік қызметкерлер өздерінің округтеріндегі атқарылған жұмыстары туралы қысқаша хабарлама жасады.


Сонымен қатар жиында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оларды болдырмау мәселелері де қаралды. Аудан әкімінің орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Бағдатбек Пердебайұлы әрбір әлеуметтік қызметкерге өз істеріне адал болуға, азаматтардан құжат қабылдау кезінде қызметін асыра пайдаланып, сыйақы талап етіп, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауапқа тартылатынын ескертті.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу