Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ

«Бір алқаптан 2-3 өнім алу» жобасын жүзеге асыруда облыста Сарыағаш, Түлкібас, Жетісай, Отырар, Келес аудандары көш бастап тұр. Бәйдібек, Төлеби мен Шардара аудандарында бұл бағыттағы жұмыстар әлі де ақсап тұрғаны белгілі болды. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар мен өзекті мәселелер және оларды шешу жолдарын қарастыру мақсатында өткен мәжілісте айтылды.

Аграрлы аймақ болып саналатын Түркістан облысында осы саладағы еңбек өнімділігін арттырып, дамыту үшін нақты нәтиже беретін 3 негізгі бағытта жұмыс жүруде. Бірінші бағыт, агроқұрылымдарды ірілендіре отырып, заманауи озық технологияларды енгізу. Екінші бағыт, кооперативтерге бірікпейтін 2-3 га жері бар агроқұрылымдар үшін бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу жобасын ендіру. Үшінші бағыт, жеке қосалқы шаруашылықтардың ауласына тамшылатып суару технологиясын ендіру арқылы ерте пісетін көкөніс, картоп, бақша өнімдерін өндіру. Мәжілісте осы жұмыстарды ары қарай дамыту жолдары қарастырылды.

Өмірзақ Естайұлы «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» мен жеке қосалқы шаруашылықтардың үйіргелік жерлерін дамыту жобаларын түсіндіру мақсатында әр ауданда семинар ұйымдастыруды тапсырды. Сондай-ақ, сала басшыларына «Еңбек» бағдарламасымен бизнес идеяларды іске асыруға берілетін 530 мың тг. көлемінде мемлекеттік грант алуға жеке қосалқы шаруашылық иелерін оқыту, грант алу жолдарын түсіндіретін нұсқаулық жоба әзірлеуді жүктеді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір жазу