Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ДАЙЫНДЫҚ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

ДАЙЫНДЫҚ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары Б.Жанғазиев білім бөлімінің қызметкерлерімен аудандағы жалпы орта мектептердегі оқушылардың Ұлттық бірыңғай тестке дайындық жұмыстарының барысы туралы жиын өткізді, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

Аудан әкімінің орынбасары Б.Жанғазиев бұл сынақтың жалғыз оқушылар үшін емес, олардың ата-аналары мен ұстаздары үшін де маңызды екендігін айтып, білім бөлімінің қызметкерлеріне нақты тапсырма жүктеді. Биылдан бастап ұлттық бірынғай тестке қатысушы оқушылар тестке кірген кезде ұялы телефон және басқа да түрлі көмек құралдарын пайдаланып, комиссия мүшелеріне ұсталып қалған жағдайда бірден шеттетіліп, бір жылға дейін қайта тест тапсыралмайтындығы айтылды.

«Сондықтан әрбір мұғалім мен ата-ана сыбайлас жемқорлыққа жол беріп, тиісті азаматтарға сыйақы ұсынамыз деген ойлардан арылу керек. Тестке қатысушы оқушылар өз білімдеріне сеніп, психо¬ло¬гиялық түрлі кедергілерден арылып, өздерінің дайындықтарын барынша пысықтап, сыртттан көмек күтпей өз білімдеріне жүгініп сынақтан өту керек. Аудандық білім бөлімінің мамандары мен мектеп мұғалімдері осы тұрғыда тест тапсырушы оқушылармен кездесу жиындарын өткізіп, барынша түсіндіруді тапсырамын», — деді Б.Жанғазиев.

Жалпы биылғы Ұлттық бірыңғай тестке ауданнан мектеп бітіруші 553 оқушының 496-ы қатысқалы отыр.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу