Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПҚА САЙ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДЕ

САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПҚА САЙ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДЕ

Шымкенттегі сауда орындары бас санитар бекіткен қаулыға сәйкес барлық талаптарды сақтай отырып жұмыс істеуі керек. Ал, талаптардың орындалу барысын жергілікті әкімдіктерден құрылған мониторинг топтар қадағалап отырады.

Абай ауданынан құрылған топ бірнеше сауда үйіне тексеру жүргізіп, індеттің алдын алу жолдарын түсіндірді.
Мәселен, «Аль-Фараби» сауда уйі санитарлық нормаларға сәйкес жұмыс істеуде. Талапқа сай, кіре берісінде дезковрик төселіп, санитайзер орнатылған. Сатушылар мен келушілер бетпердемен қамтамасыз етілуде.

Мамандар, барлық сауда нүктелеріне осылай жұмыс жүргізуге кеңес береді. Ал, талаптар сақталмаған жағдайда кәсіпорынның жұмысын тоқтатуына тура келетіндігін ескертеді.

Жалпы, медицина мамандарының айтуынша карантин талаптарын қатаң сақтап, бірқатар ережелерді ұстану арқылы адам вирустық инфекцияның жұғуынан сақтана алады. Айтап айтқанда қолды жиі сабындап жуу, медициналық маска тағып, оны екі сағат сайын ауыстырып отыру, адам көп жиналған жерлерге бармау, жуылмаған жеміс-жидектерді, шикі сүт өнімдерін, шала піскен ет тағамдарын жемеу.

 

Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Пікір жазу