Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА

АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласында қызу жүріп жатқан көркейту және абаттандыру жұмыстарының барысын бақылады, облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

Осы мақсатта шаһар 32 секторға бөлінген. Әр секторға аудан, қала әкімдіктері мен басқарма басшылары тікелей жауапты. Қала аумағында ағаштар отырғызылып, абаттандырылуда. Көшелерде жарық шамдар, қоқыс жәшіктері мен тұрғындардың демалуына арналған орындықтарды орнатылған.

Кешенді жұмыс барысын бақылаған облыс әкімі жауаптыларға бірқатар тапсырмалар берді. Іс-шараның орындалуын қатаң бақылауға алу және жұмыстарды тұрақты түрде жалғастыру тапсырылды. Тұрғындарға қоршаған ортаны қорғауды, қаладағы тазалықты сақтауды насихаттауды міндеттеді. Өкінішке орай, әзірге тазалық мәдениеті сын көтермей тұр.

Қалада аяқжолдар мен вело жолдар төселіп, айналасына көшеттер егілді. Демалыс орындары мен көшелердің бойына субұрқақтар орнатылып, жаңадан аялдамалар қойылған. Облыс орталығымен бірге қалыптасып, бірге бой көтерген «жасыл белдеуді» аралаған Өмірзақ Естайұлы егілген көшеттердің суарылуына аса мән беруді міндеттеді. Түркістанның табиғи тынысына айналған қаланы қоршаған жасыл аумақта бүгінде миллионнан астам көпжылдық ағаш көшеттері жайқалып өсіп тұр. Терек, қайың, қарағаш, шаған, арша, үйеңкі ағаштарын отырғызу биыл да жалғасын табады.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу