Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЕКІ БАЛАНЫ АЖАЛДАН АРАШАЛАП ҚАЛДЫ

ЕКІ БАЛАНЫ АЖАЛДАН АРАШАЛАП ҚАЛДЫ

Түркістан облысы Отырар ауданында Төтенше жағдайлар департаменті қызметкері 11 және 14 жастағы екі баланы ажалдан аман алып қалды. Оқиға 3 маусым күні түскі уақыт кезінде орын алған. ТЖД-не балалардың суға шомылып жүріп, қиын жағдайға тап болғандығы жөнінде хабар келіп түскен. Шақырту түсісімен облыстық ТЖД Отырар аудандық бөлімінің маманы, азаматтық қорғау капитаны Мейрамхан Кемелханов оқиға орнына жедел жетіп, 2 баланы тілсіз жаудан аман алып қалған. Ол балалар шомылуға тыйым салынған аймақта суға түскенін және ата-ананың қарауынсыз қалғанын жеткізген.

«Бізге хабарласқан азаматтар балаларын таппай және олардың шомылуға баруы мүмкін екендігін айтты. Қоңырау түсісімен жедел іс-әрекетке көштік. Сұрастырып, іздестіру барысында әлгі балалар шомылуға болмайтын жерге түскені белгілі болды. Нәтижесінде оларды дер кезінде тауып, құтқарып алдық. Әрбір адам суға шомылатын су айдындарының қауіптілігі мен оның ерекшеліктерін білуі тиіс. Себебі, бетон плиталармен немесе тастармен жабылған арналарда мүк өсіп, тайғақ болады. Мұндай арнадан шығу қиын. Тіпті жаттығып жүрген жүзушінің өзі мұндай қиындықтан шыға алмай қалады. Суға түсер алдында су айдынын тексеру керек, шомылуға таңдалған орын құм жағасында және суға ыңғайлы түсуге мүмкіндік болуы керек», – деді ТЖД қызметкері.

Мамандар тұрғындарды шомылу маусымы кезінде сақтық шараларын қатағ түрде ұстануға шақырады.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу