Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЕРІКТІ ЖАСТАРДЫ ШАҚЫРАДЫ

ЕРІКТІ ЖАСТАРДЫ ШАҚЫРАДЫ

Облысымыздың белсенді жастары үшін керемет жаңалық. Салауатты өмір салтын сақтау-дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеудің негізі екені белгілі. Сол мүмкіндікті бірге жүзеге асырудың бірден-бір жолы — сана экологиясы мен қоршаған орта тазалығын сақтау. Осы ретте, «Таза әлем» бағыты бойынша іріктеу өтетінін хабарлай отырып, ЕРІКТІ ЖАСТАРДЫ шақырамыз.
Жер анамызды қорғауға өз үлесіңізді қосу үшін, белгілі проблемаларды шешуде өтеусіз негізде көмек көрсеткіңіз келсе, біздің тобымызға қосылыңыз.
Сіз секілді белсенді жастарды өз қатарымызда көргіміз келеді!
Қатысушыларға жас шектеуі белгіленбейді.
Өтінімдер 2020 жылдың 7 маусымына дейін қабылданады.

Тіркелу үшін беріліп отырған сілтеме арқылы анкета толтыру қажет (сілтеме @turkistan_asyl_mura био-сында немесе https://forms.gle/wLXxePFhFSZVVKLh7.)

Қосымша ақпаратты еріктілерді іріктеу бойынша ережеден қарай аласыздар.
Волонтерлік (қызмет) — ақысыз еңбек екенін ескерте кетеміз.

Мекен-жайымыз: Түркістан қаласы, Облыстық Жастар ресурстық орталығы, Б.Саттарханов даңғылы 122А.

Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығы

Пікір жазу