Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН ҰСТАНУЫ ТИІС

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН ҰСТАНУЫ ТИІС

Шымкент қаласының Бас санитариялық дәрігерінің қаулысымен карантин шаралары 8 маусымға дейін ұзартылғаны белгілі. Талап бойынша тұрғындардың көшеде, қоғамдық орындарда, дүкен мен базар, қоғамдық көлікте бетперде тағынып, сақтық шараларын ұстануы тиіс.

Қазіргі таңда қаланың төрт ауданында залалсыздандыру жұмыстары тоқтатылған жоқ. Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарында дезинфекция жұмыстары күнделікті бекітілген кесте бойынша жалғасуда.

Бұған қоса көпшілік орындарда санитарлық талаптар сақталуы тиіс. Ал талаптардың орындалу барысын жергілікті әкімдіктерден құрылған мониторинг топтар қадағалап отырады.

Күні кеше Абай ауданында құрылған топ бірнеше сауда үйіне тексеру жүргізіп, індеттің алдын алу жолдарын түсіндірді. Мәселен, «Әл-Фараби» сауда үйі санитарлық нормаларға сәйкес жұмыс істеуде. Талапқа сай, кіреберісінде арнайы кілемше төселіп, санитайзер орнатылған. Сатушылар мен келушілер бетпердемен қамтамасыз етілуде.

Мамандар, барлық сауда нүктелеріне осылай жұмыс жүргізуге кеңес береді. Ал талаптар сақталмаған жағдайда кәсіпорынның жұмысын тоқтатуына тура келетінін ескертеді

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу