Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШӨКЕЕВ МАҚТААРАЛДЫҚТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

ШӨКЕЕВ МАҚТААРАЛДЫҚТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев тағы да Мақтаарал ауданындағы су басқан ауылдарға арнайы келіп, жергілікті тұрғындармен кездесті. Облыс әкімі халық қалаулылары мен Қоғамдық кеңес мүшелерімен бірге су тасқынынан зардап шеккен ауылдарды аралап, бүгінгі жай-күйін көрді.

Жаңажол ауылдық округіне қарасты Өргебас және Фирдоуси ауылдарын қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысып, тұрғындармен жүздесті. Кездесу барысында облыс әкімі апаттан жапа шеккен тұрғындардың өтемақыларын тездетіп төлеуді, ауылдарды қалыпқа келтіру жұмыстарын жеделдетуді жүктеді. Қираған үйлерді бұзып, құрылыс материалдарын тасымалдауға Өзбекстан елінің Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі тарапынан да көмек күші жұмылдырылған.

Өргебас ауылындағы 197 үйдің барлығы жаңадан салынады. Олардың 90%-на құрылыс қаражатының жартысы берілген. 20-ға жуық үйдің іргетасы қаланып, қабырғасы көтерілген. Су шайған ауылдардың барлығында инфрақұрылымы толығымен жаңартылуда. Өргебас және Фирдоуси ауылдары халқының 70%-ы жаңа үй құрылысына берілетін 17 млн теңге қаражаттың 8,5 миллионнын қолдарына алды.

Фирдоуси ауылының тұрғындары облыс әкімімен кездесуде дер кезінде қолға алынған шаралардың оң нәтиже бергенін айтып, алғыс білдірді. Ауылда 320 тұрғын үй болса, оның жартысынан астамы үй тұрғызатын қаражаттарын қолдарына алған. Ауылда апаттан зардап шеккен баспаналар бұзылып, жаңа үйлердің құрылысы басталып кеткен.

© Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір жазу