Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » СЕЛ ШАЙҒАН ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫН ТЕКСЕРДІ

СЕЛ ШАЙҒАН ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев бір топ депутаттармен бірге Төлеби ауданы, Леңгір қаласының тұрғындарымен кездесіп, жаңадан салынып жатқан баспаналарды бақылап қайтты. Мұнда көктемгі сел салдарынан апатты күйге түскен үйлер толық жаңадан салынып жатыр. Қираған 9 үй жаңа жерге көшіріледі. Қалғандары бұзылып, қайта тұрғызылуда. Өңір басшысы «Алатау» мөлтек ауданында бой көтерген осы үйлердің құрылыс жұмыстарымен танысты.
«Жылдар бойы көктемде күпті көңілмен күй кешетін едік. Енді міне, өміріміз түбегейлі өзгерейін деп тұр. Сол үшін сіздерге шексіз алғысымызды білдіреміз. Осы қиындықтарды жеңуді жеңілдетіп жатқан, жанымыздан табылып, жылы сөзбен демеп жүрген сіздерге халық риза», – деді облыс әкімімен кезекті рет кездескен Леңгір қаласының тұрғыны Мария Корнилова.
Облыс басшысы бұдан кейін Достық елді мекеніндегі тұрғын үйлердің құрылыс барысын бақылады. Онда сел шайған үйлер бұзылып, орнына жаңа баспаналар салынып жатыр. Өмірзақ Естайұлы салынған үйлердің сапасына баса назар аударуды талап етті.
Төлеби ауданында нөсерлі жауын салдарынан жалпы апатты деп танылған 38 баспана толық сүріліп, қайта салынуда. Құрылыс жұмыстарын шілде айына дейін толық аяқталмақ.
Сел салдарынан жолдар мен көпірлер жарамсыз күйге түсіп, инфрақұрылым істен шыққан болатын. Апат салдары аз ғана уақыт ішінде толықтай қайта қалпына келтірілді.

© Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір жазу