Басты бет » Қала тынысы » АБАЙЛАЙЫҚ, АРАНДАП ҚАЛМАЙЫҚ!

АБАЙЛАЙЫҚ, АРАНДАП ҚАЛМАЙЫҚ!

Әлеуметтік желілерде бүлік шығарып, бос шеруге митингке айдап салып, жан-жақтан жалған ақпараттар ұрандатылып жатқаны заңға қайшы орынсыз әрекеттер.
Ел тыныштығына сына қаққысы келетіндердің қақпанына түсіп қалмаңыздар.

Елімізде 6 маусымынан яғни ертеңнен бастап «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» жаңа Заң қолданысқа енгізіледі.

Бір ескерерлігі, Денсаулық сақтау министрлігі 2020 жылғы 4 маусымда үндеу таратып, онда карантин кезеңінде елде бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде митингілерді өткізуге тыйым салынғанын көрсеткен.

Оны сақтамағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауаптылық көзделген.
Дегенмен, жекелеген тұлғалар ел азаматтарын 2020 жылғы 6 маусымда жаппай митингілерге шығуға шақыруда.

Жаңадан белгіленген тәртіпті бұза отырып өткізілетін жиналыстарды ұйымдастыру және оларға қатысу заңсыз болып табылады және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа әкеп соқтырады (тіпті, 15 тәулікке қамауға алуға дейін).

Осы ретте азаматтарды арандатушылық жасамауға және заңсыз жария акцияларға қатысудан бас тартуға шақырамыз.

Заң қатал. Арандап қалмайық, ағайын, заңсыз шеруге тыйым салынған және шыққан жағдайда қатаң түрде жауапкершілікке тартылатынын ұмытпағайсыздар!

© Өз тілшімізден

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*