Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ

АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ

Қазіргі таңда елімізде ауылдардың жағдайын жақсартып, елді мекен халқының тұрмысын көтеру үшін қолға алынған «Ауыл ел бесігі» жобасы Бәйдібек ауданында да қарқынды түрде жүзеге асуда. Елбасының тікелей бастамасымен қолға алынған жоба аясында республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, аудандағы Мыңбұлақ ауылындағы 8 көше мен Боралдай ауылындағы 7 көшенің бірқатарына асфальт төселетін болса, бірқатарына аяқжолдар, суағарлар салу, бірқатар көше бойларына жаңадан бағаналар орнатып, жарықтандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асатын болады.

Қазіргі таңда Боралдай ауылындағы көшелерге асфальт төсеу жұмыстары басталды. Мыңбұлақ ауылындағы көше бойынан аяқжолдар салу үшін тегістеу жұмыстары жүргізілуде.
Екі ауылда «Ауыл ел бесігі» жобасы аясындағы басталған жұмыстарды аудан әкімінің орынбасары Айкен Макенұлы аралап көріп шықты. Аралау барысында А.Темір мердігер мекемелерге жасап жатқан жұмыстарына бірқатар ескертулер айтып, жұмысты сапалы істеу жөнінде нақты тапсырма берді.

Бұл нысандарға жүргізіліп жатқан жұмыстар белгіленген мерзімде аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілетін болады.

© Өз тілшімізден

Пікір жазу