Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ

5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні. Осы ретте,«Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күні» жер шарының әрбір тұрғынын бей-жай қалдырмауы қажет. Табиғатты аялау, оны қорғау — әрбір адамзаттың парызы десек артық етпейді.

Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан үлкен қолдау көрсетілетін бұл мерекенің мақсаты – қоршаған ортаның айтулы проблемаларына әлемдік қауымдастықтың назарын аудару және адамзат баласының қоршаған ортаға деген жанашырлық сезімін ояту болып табылады. Аталған күн аясында адамдардың таза және қауіпсіз ортада өмір сүруі қамтамасыз етілуі тиіс.
Осы айтулы күнге орай бүгін Кентау қаласында сенбілік шарасы ұйымдастырылып, қоршаған ортаны тазарту шарасына еріктілер жаппай белсенділік танытты. Соның ішінде, қала орталығындағы саябақтар мен су қоймасы аумағында өткен сенбілік қарқынды ұйымдастырылды. Жиналған қоқыстар қала сыртындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды төгетін полигонға тасымалданды.

Бұл игілікті шара қалаға қарасты ауыл және ауылдық округтерде де жаппай ұйымдастырылған болатын.

© Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір жазу