Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗ ТҰҒЫРЛЫ, РӘМІЗДЕРІМІЗ ҒҰМЫРЛЫ БОЛСЫН!

ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗ ТҰҒЫРЛЫ, РӘМІЗДЕРІМІЗ ҒҰМЫРЛЫ БОЛСЫН!

Бүгін-Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері күні мерекесі! Ел тарихында елеулі орын алатын айтулы мереке баршаңызға құтты болсын! Қазақ елін әлемге айшықтайтын Тәуелсіз еліміздің рәміздері тұғырлы hәм ғұмырлы болсын!

Рәмізіміз-қазақ елінің айбыны, ел тарихының бет-бейнесі іспетті. Ел Тәуелсіздік алтын күмбез дейтін болсақ, сол күмбезді тіреп тұрған төрт белгі бар. Оның біріншісі – көк байрағы, екіншісі – Елтаңба, үшіншісі – Әнұран, төртіншісі – қазақ тілі», — деп Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай, елім, жерім дейтін ұрпақтың намысын оятып, жүрегіне патриоттық сезім ұялататын – осы рәміздеріміз екендігі даусыз.

Еліміз егемендігін алып, тәуелсіздік туын қуана көкке көтеріп, дүние жүзіне қазақ ұлтын, Қазақстан елін танытқанына 30 жылға жуықтаса, мемлекеттік рәміздеріміздің қабылданғанына биыл 28 жыл толып отыр. Тәуелсіздігін төрткүл дүниеге жариялаған Қазақстан тарихында, 1992 жылғы 4 маусым күні алтын әріппен жазылатын айшықты мерекеміз мерейлі болсын!

Аспан түстес айшықты туымыз бен шаңырақ бейнесіндегі шаттық сыйлаған күн сәулелі күндей күлімдеген Елтаңбамыз барша Қазақстандықтардың мерейлі мақтанышы. Рәміздер мерекесі құтты болсын! Ортақ шаңырағымыз шаттыққа кенеліп, Қазақстан өсіп-өркендей берсін!

Ғани Рысбеков,
Түркістан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы

төрағасының орынбасары-хатшылық меңгерушісі.

Пікір жазу