Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ТУЫМЫЗДЫҢ ТҰҒЫРЫ БИІК БОЛСЫН!

ТУЫМЫЗДЫҢ ТҰҒЫРЫ БИІК БОЛСЫН!

Құрметті түркістандықтар!

Елдігіміз бен еркіндігіміздің нышаны — Мемлекеттік Рәміздер күні мерекесі құтты болсын!

Тәуелсіз ел болуға деген ұмтылысының арқасында біздің ата-бабаларымыз сан қилы жолдардан өтіп, аңсаған азаттықтың таңына жетуімізге себепкер болды. Әлемдік саясат сахнасында дербес ел екенімізді білдіріп, елдің әрбір азаматының бойына ұлттық рух пен мұқалмас жігер сыйлайтын Мемлекеттік рәміздеріміздің қабылданғанына 28 жыл толды.

Осы жылдар арасында біз толыққанды даму жолына түскен, аспан түстес байрағымызды биіктен желбіретіп, Елтаңбамызға қарап елдігімізді танытатын, Әлемдік ареналарда Әнұранымызды мақтанышпен шырқаған, төрткүл дүние таныған тұғырлы елге айналдық.

Тәуелсіздігімізбен қатар жасап, түр-сипаты жағынан ұлттық ұстанымға сай келетін, маңызы жағынан еліміздің барлық бағытта қарқынды дамуының кепілі болатын Көк байрағымыздың, Мемлекеттік Елтаңбамыздың, айбынды Әнұранымыздың ғұмыры ғасырларға жалғассын.

Барлығымыз бір мүдде жолында, бір мақсатқа бағытталып, Мемлекеттік рәміздерімізді құрмет тұтып, қоғам игілігі жолында тер төксек, алмайтын асу, бағындырмайтын қамал болмайды.

Мемлекетіміз үшін маңызды мереке – Мемлекеттік Рәміздер күні мерекесімен тағы да құттықтаймын.

Туымыздың тұғыры биік, еліміздің ертеңі жарқын, болашағы баянды болсын!

Ізгі ниетпен,
Қоғамдық даму басқармасының
басшысы Д.Жүнісов

Пікір жазу