Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » НЕСИЕ АЛЫП ЖҮРГЕН ЖАС ЖІГІТТІ АНЫҚТАДЫ

НЕСИЕ АЛЫП ЖҮРГЕН ЖАС ЖІГІТТІ АНЫҚТАДЫ

Түркістан облысының полицейлері сыныптасының атынан онлайн несие алып жүрген жас жігітті   анықтады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.
Түлкібас АПБ-не жергілікті тұрғыннан арыз түскен. Жәбірленуші жас жігіттің айтуынша, Алматыдағы сыныптасы оның атынан банкомат карточкасының реквизитін пайдалана отырып, алаяқтық жолмен 2 рет онлайн несие алған. Келтірілген шығын көлемі 75 000 теңге.
Полиция бөліміне осындай арызбен тағы бір жас қыз шағым түсірді. Ол жоғарыдағы жәбірленушінің әріптесі болып шықты. Жәбірленуші жас қыздың айтуынша, ол әріптесінің өтінішін орындап, оның Алматы қаласындағы досына банктік карточкасының реквизит нөмірлерін берген. Кейіннен өзінің атынан 4 рет несие алынғанын білген. Келтірілген шығын көлемі 250 000 теңгеден асады.
Аталған жайттар ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша тіркелді. Арызданушылардың арызына сәйкес, алаяқты ұстау мақсатында Түлкібас ауданы полицейлері қажетті іс-шараларды жүргізді. Куәгерлерден жауап алып, ҚР бойынша іздеу жарияланды, жан-жақтағы құрылымдарға бағыттамалар берілді.
Түлкібас АПБ-нің жедел уәкілдері, күдікті Алматы облысында да құқықбұзушылық жасап, іздеуде жүргенін анықтады. Полицейлер біргелікте алаяқты Ұзынағашта ұстады. Алматы облысында көптеген қылмыстарға қатыстылығы анықталғандықтан, іс біріктіріліп, алаяқ азамат Алматы облысында қамауға алынған. Ол өзінің кінәсін толығымен мойындаған.
Аталмыш қылмыстың ақ-қарасын анықтауға кіріскен Түлкібастық тергеуші Азамат Сапаровтың анықтауынша, күдікті Түлкібас ауданында туылып, Алматыға көшіп кеткеніне 10 жылдан асқан. Ол өзінің жымысқы ойын іске асыру мақсатында сыныптасына Түлкібастағы ата-анасына ақша салатынын айтып, банктік құпия сандарын сұрап, біліп алғаны белгілі болды. Осылайша, ол жәбірленушінің жеке деректерін пайдаланып, онлайн несие рәсімдеген. Алған несиелерін өз қажеттілігіне жаратып отырған. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары «Алаяқтық» бойынша жүргізілуде.

©️ DIDARBEK.kz

Пікір жазу