Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » 170 ТҮПТЕН АСТАМ ҚАРАСОРА ТАПТЫ

170 ТҮПТЕН АСТАМ ҚАРАСОРА ТАПТЫ

Полицейлер Түркістан облысы тұрғынынан 170 түптен астам қарасора тапты, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері кезекті сора егісін жойды. Жедел уәкілдер Ордабасы ауданы тұрғынының үйінен құрамында есірткі заты бар тыйым салынған өсімдік тауып, күдіктіні ұстады. Ер адам үй ауласындағы арнайы қоршалған учаскеде заңсыз қарасора еккені белгілі болды.
Полиция қызметкерлері айғақты зат ретінде құрамында есірткі бар 170 түптен астам өсімдік тәркіледі. Сараптама қорытындысы бойынша, алынған қарасораның жалпы салмағы 1 кг-дан асты.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 300-бабы «Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру» тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері істің толық мән-жайын анықтап, тұрғынның үйінде қарасораны не мақсатпен өсіргенін анықтауда. Күдікті қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

©️ DIDARBEK.kz

Пікір жазу