Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫ

ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫ

Оңтүстік Қазақстан облысында дін істері басқармасының басшысы қызметіне Сайрам ауданының әкімі қызметін атқарып келген білімі мен тәжірибесі мол маман таңдалды.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен облыстық дін істері басқармасының басшысы лауазымына Самат Айдарханұлы Сапарбаев тағайындалды.

Самат Айдарханұлы 1962 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы – инженер-механик. Еңбек жолын 1985 жылы Жамбыл кірпіш зауытының слесарі ретінде бастаған. 1988-2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық комсомол комитетінің нұсқаушысы, хатшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық әкімшілігі жастар ісі бөлімінің меңгерушісі, Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-кадрлық жұмыс бөлімінің меңгерушісі, аумақты дамыту және кадрлармен жұмыс бөлімінің меңгерушісі, Сайрам ауданы Қарасу ауыл округінің әкімі, Сайрам ауданы әкімі аппаратының басшысы, Сайрам ауданы әкімінің орынбасары, Ордабасы ауданының әкімі лауазымдарын атқарған.

2016 жылғы сәуірден бастап Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының әкімі лауазымын атқарған.

Өз тілшімізден

Пікір жазу