Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҚАРТ ТҰРҒЫНДАРҒА ЕРЕКШЕ ҚЫЗМЕТ

ҚАРТ ТҰРҒЫНДАРҒА ЕРЕКШЕ ҚЫЗМЕТ

Сарығаштық полицейлер қарт тұрғындарға ерекше қызмет түрін көрсетті, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.
ҚР ІІМ-нің полицейлерге қоятын басты талаптарының бірі – халыққа жақын болып, олардың қорғаны екенін көрсетіп, ашықтық орнату. Сондықтан Түркістан облысы Полиция департаментінде күнделікті осы бағытта жүйелі жұмыстар атқарылуда. Мәселен, Сарыағаш АПБ Көші-қон полиция бөлімшесінде мобильдік топ құрылып, жүріп-тұруы қиын қарттарымызға көшпелі қызмет көрсетілді.
Нақтырақ айтсақ, Көші-қон полиция бөлімшесінің аға инспекторы полиция майоры Димаш Абдуманаппов пен инспектор Азамат Диханбаевтар ауданның егде жастағы тұрғындарының үйіне арнайы барып, елімізде енгізілген карантинге байланысты мерзімі өткен жеке куәліктерін қайта рәсімдеуге қызмет етіп, көмек көрсетті. Полицейлердің көмегін алғандардың ішінде I, II, III-топ мүгедектері және Күміс, алтын алқасы бар көпбалалы аналар бар. Осылайша, 3 күн ішінде полицейлер 24 азаматтың құжатын қайта рәсімдеуге қолғабыс етті.
Өз кезегінде жасы келіп, жүріп-тұруы қиындаған ақжаулықты аналарымыз осындай сәтте азаматтық ьанытып, жәрдемші бола білген тәртіп сақшыларына алғысын білдіріп, «жұмыстарың алға бассын, абыройлы болыңдар»-деп батасын берді.

©️ DIDARBEK.kz

Пікір жазу