Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » АТА-АНАСЫМЕН ҚАУЫШТЫ

АТА-АНАСЫМЕН ҚАУЫШТЫ

Түркістан облысының полицейі базардан 3 жасар қызды тауып, ата-анасына қайтарды, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.
27.05.2020 жылы шамамен таңғы сағат 10.30-да Сарыағаш қаласындағы орталық базарлардың бірінде Сарыағаш АПБ ЖПҚ ювеналдық полиция тобының учаскелік инспекторы полиция лейтенанты Майра Елемесова жалғыз өзі адасып, жылап жүрген кішкентай қызды байқаған. Полицей ару 3 жасар қыздан оның ата-анасы қайда екенін сұрай бастайды, содан кейін адасқан қызмен бірге оларды іздеуге шықты.
Шұғыл іс-шаралар нәтижесінде, жарты сағат ішінде ювеналды полиция инспекторы М.Елемесова қыздың анасын тауып, оған өзінен адасып қалған баласын табыстады.
Көп балалы ананың айтуынша, ол банкоматтан ақша алу үшін балаларымен бірге базарға келген. Әйел кішкентайын үлкен балаларына тапсырып кетеді, бірақ қайтып келгенінде кішкентай қызы жоқ екенін көреді. Содан әйел жоғалып кеткен қызды базардан оған жақын көшелерден іздей бастайды. Жарты сағат ішінде қызды полицей М.Елемесова тауып, өзіне аман-сау күйінде қайтарды.
Өз кезегінде, Сарыағаш ауданының тұрғыны полиция лейтенанты Майра Елемесоваға жоғалып кеткен қызының қайтып табылуына көмек көрсеткені үшін шын жүректен алғысын білдірді. Ол жас полицей қызға рахметін айтып, қызметте табыс тіледі.
Бұған дейін жоғалған тағы үш баланы Мақтаарал АПБ-нің полицейлері тауып, үйіне қайтарған болатын. 25.02.2020 жылы полиция бөліміне Атакент ауылының екі әйел тұрғыны келіп, үйден шығып кеткен балалары жоғалып кеткенін хабарлаған.
Бірнеше сағат бойы жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Мақтаарал АПБ-нің полиция қызметкерлері жоғалып кеткен үш ұлды тауып, ата-анасына қайтарып берді. Анықталғандай, жасөспірімдер Атакент ауылы көшелерінің біріне қыдырып шығып, кеш батып, күн қараңғы болған кезде жергілікті мешітке қонған. Ал, келесі күні күндіз ауылда ойнап жүрген оларды полиция қызметкерлері тауып, үйлеріне қайтарды.
Өз кезегінде, табылған жасөспірімдердің анасы олардың кәмелетке толмаған балаларын тауып бергені үшін Мақтаарал АПБ-нің полицейлеріне алғысын білдірді.

©️ DIDARBEK.kz

Пікір жазу