Басты бет » Болашақ » ҚАТЫГЕЗДІК ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛА ҚАЛДЫ?

ҚАТЫГЕЗДІК ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛА ҚАЛДЫ?

Ролик дедік. Ойбайладық. Кінәліні іздедік. Кінәлі еместі кінәлі етіп тағайындап алдық. Енді оны тірідей союға дайынбыз. Сол арқылы бүкіл әкімдікті жұмыстан қуу керек дегенді де айттық.
Тағайындалған кінәліміз – Данияр Алан​. Голощекин тілінде сөйлейтіндердің ашуын келтірген осыдан үш жыл бұрын жазған жазбасы. Әлгі «жалған намыс» қуушылар үш жылдан бері неге ауыздарына құм құйылғандай үндерін шығармай отырған? Әлде намыстарына енді тиді ме бұл жазба?
Мен ойлаймын – Шымкенттегі мыңдаған жезөкшелер ертең митингіге шығып, наразылық білдірсе, одан қалса, қала әкімдігіне әлеуметтік желілер арқылы шабуылдарын күшейтсе, бәріміздің бастарымыз салбырап, солардың ығына жығыла береміз бе? Онсыз да төбемізге қазақ жерінде бұрын-соңды болмаған гейлер мен лесбилерді шығарып алған жоқпыз ба?

Бабаларымыз: «Қызға қырық үйден тию» деген ұлағатты бекер айтпаса керек. Қазіргі ана тіліне қырын қарайтындар бұның терең мағынасын қайдан ұқсын! Неге біздің ұлттық салт-дәстүрлеріміз бен ұлттық құндылықтарымызды ұлтымызға бір түйір жаны ашымайтын, ұлттық сана-сезімнің не екенін қақпайтын қайдағы мен жайдағылар талқыға салады? Неге біз қазақты езгі етуге сонау Голощекин кезіндегідей еркіндік беріп қойғанбыз? Әлде қазағымыз тым артық көбейіп кеткен бе? Біз ұлт ретінде өз ұстанымдарымызды сақтап қалуға құқымыз жоқ па? Неге көше кезген базбіреулер бізге не айту керек екендігін, қалай өмір сүру қажеттігін үйретуді өздеріне міндеттеп алған? Қазақ қыздары ешқашан сандарын жалтыратып, кеуделерін жарқыратып жүрген емес қой!!!
Менің ойым – талас тудырған «Talas» студиясының бейнетүсірілімі өте жоғары дәрежеде түсірілген және күн тәртібіндегі тәрбиелік мәні зор мәселені қозғаған. Тәрбиесіздер мен жүгенсіздер қарсы болмаса, одан әрі!..
Ал, аты-жөні жоқ Данияр Аланға бүкіл әлем болып жабыла кетудің өзі – мәдениетсіздіктің ең биік шыңы. Өйткені, оның жазбасының да, өзінің де бұл бейнетүсірілімге еш қатысы жоқ! Соны ажырата алмағандар шулағаннан басқа не істейді?!.

© Әсет Әссанди,
Шымкент қаласының тұрғыны.

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*