Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » ЭКСПО – 2017: Тақырыптық павильондар

ЭКСПО – 2017: Тақырыптық павильондар

Көрменің «Болашақ энергиясы» тақырыбы төрт тақырыптық негізде ұсынылады. Бас жоспар бойынша тақырыптық павильондар үшін Көрме кешенінің аумағынан төрт ірі учаскеден бөлінді. Олар бір-бірімен бірігуі, жақын маңдағы ашық аймақтар мен жалпыға арналған кеңістіктер аумағына «Тақырыптық бағыттар» арқылы кіруі мүмкін. Бұл аймақтарда ерекше тақырыптық дизайн орын алып, тұрақты өмір салты дегеніміз не және оған қол жеткізудің жолдары секілді тақырыпқа қатысты ақпараттың орналасуы қарастырылған.

Көрме тақырыбын ашуда тағы екі тақырыптық павильонның маңызы жоғары. Бірінші павильонда, энергетиканың заманауи дамуы жағдайында, адамзаттың ғарыш пен Жерден пайда болатын энергияны қолдану идеясы ашылмақ. Екінші павильонның басты тақырыбы — қазба байлықтарының таусылуы мен қоршаған ортаның ластануына әкеліп соқтырған жаҺандық энергетикалық дағдарыстың түйткілдерін ұғыну. Қала жоспары бойынша тақырыптық павильондар учаскелерінің орналасуы архитектуралық шығармашылық үшін көбірек кеңістік беру ұмтылысына негізделген. Тақырыптық павильондар халықаралық павильондармен Күнделікті шоу-шеру өтетін, сондай-ақ арт-перформанстар мен инсталляциялар жасалатын Сақиналы желекжолы арқылы байланысады.

EXPO – 2017

Пікір жазу