Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » КӨПБАЛАЛЫ ПОЛИЦЕЙДІҢ БАЛАЛАРЫН ҚҰТТЫҚТАДЫ

КӨПБАЛАЛЫ ПОЛИЦЕЙДІҢ БАЛАЛАРЫН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Мақтаарал ауданының тәртіп сақшылары көпбалалы полицейдің балаларын мерекемен құттықтады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.
1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Мақтаарал аудандық полицейлері өздерінің қызметтес жолдастары Құрманғазы Тузеловтың шаңырағына арнайы барды. Негізінде, Мақтаарал АПБ-нің криминалисі Тузелов Құрманғазы Сұңқарбекұлы көпбалалы әке, оның отбасында 4 ұл, 3 қыз өсіп келеді. Сондықтан Мақтааралдық тәртіп сақшылары, балалар мерекесінде осы отбасымен бірге болып, кішкентайларды қуантып, сый-сыяпат жасауға асықты.
Өз кезегінде полицейдің балалары ерекше көңіл-күй сыйлаған әкесінің әріптестеріне алғыстарын жеткізді. Бүгінде Құрманғазы, жары Жамила екеуі балаларына жақсы тәрбие беріп, елдің азаматтары болуға баулуда. Соның нәтижесінде болар, отбасының үлкен ұлы қиын да қауіпті салалардың бірінде қызмет атқару үшін С.Рахимов әскери мектебіне оқуға түскен. Жетістіктері де баршылық.
Полицей көпбалалы әкенің айтуынша: «Бос уақытым бола қалған жағдайда, отбасыммен бірге өткізуге тырысамын. Әке деген-бірсөзді, жауапкершілігі мол, ержүрек, тәжірибелі, еліміздің патриоты болуы керек. Балаларына үнемі ең бірінші, халыққа адал қызмет ету керек,- деп кеңес береді екен.
Ендеше еліміздің тыныштығын сақтауда адал қызмет етіп, талай қылмыстарды ашуға өз септігін тигізіп келе жатқан, жанұясында 7 балаға тәлім-тәрбие беріп отырған Құрманғазы Тузеловтың отбасына амандық, жұмысына табыс тілейміз!

©️ DIDARBEK.kz

Пікір жазу