Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ

Бүгінгі Қазақстан Республикасы үшін ең салтанатты, маңызды мерекелердің бірі – «Мемлекеттік рәміздер күнімен» баршаңызды шын жүректен құттықтаймыз, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.
Бұл күн қазақстандықтар үшін ең қымбат, құнды байлықтары — Ту, Елтаңба, Әнұраны дүниеге келген күн!
1992 жылы 4 маусымда тәуелсіз қазақ елінің мемлекеттік рәміздері бекітілген. Міне содан бері Туымыз көкте желбіреп, Әнұранымыз әлемнің түкпір-түкпірінде шырқалуда. Дүниежүзінде Қазақстан Республикасы тек жетістіктері, жеңістерімен танылды. Құрметке бөленді деп айта аламыз.
Ендеше, қыраны көкте қалықтап, күні жарқыраған Көк туымыз биікте желбірей берсін! Сөзі мен әні үйлесіп, жүрек тебірентер «Менің Қазақстаным» атты Әнұранымыз мәңгілік шырқала берсін! Тәуелсіздігіміздің белгісі болған рәміздер тек төрімізден орын алсын!
Мемлекеттік рәміздерді қастерлеу әрбір адамның парызы дей келе, әрқайсымыз еліміздің патриоты болып, біз үшін қымбат болған байлықтарымызды сақтай білейік дегіміз келеді! Еліміз тыныш, отбасымыз аман болсын! Мерекелеріңізбен Мәңгілік елдің азаматтары!
Туымыз тұғырлы, Елтаңбамыз еңселі, Әнұранымыз айбынды болсын!

©️ DIDARBEK.kz

Пікір жазу