Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » ЭКСПО – 2017: Конгресс-орталығы

ЭКСПО – 2017: Конгресс-орталығы

Ғимарат EXPO – 2017 көрме кешеніне жақын жерде орналасқан және футуристикалық стильді жалғайды. Конгресс-орталық жатын орындары бар қонақ үй кешенімен және Конгресс-кеңсесімен бірге бірыңғай архитектуралық ансамбльді құрайды. Қиын ағынды пішіндердің арқасында ғимарат бүгінгі және келешек жетістіктердің қозғалысын білдіреді.  Жалпы аумағы  43 220 шаршы метрді құрайтын Конгресс-орталықтың үш қабаты жер үстінде орналасқан, сондай-ақ жер асты автотұрағы бар.  Ғиамараттың биіктігі 29 метрді құрайды. Сәулетшілердің ойластырғаны бойынша кешен шаралардың түрлі форматына келетіндей етіп жобаланған. Бұл үшін бірінші және екінші қабат деңгейіндегі бірнеше көрме залы көпфункционалды болып жасалған: EXPO кезінде мұнда тақырыптық конференциялар, панельдік сессиялар мен мәдени шаралар өтеді. Кеңістік зал аумағын тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін жылжымалы қоршаулардан құрылады.

Конгресс-орталықта ауқымды мәдени-көріністік шаралар — көрменің ашылуы мен жабылуы, тақырыптық форумдар мен концерттер өтеді. Ғимаратта бұл үшін барлық жағдай қарастырылған: әрлеу бөлмелері, әртістер, дыбыс операторлары, синхронисттер бөлмесі, пульттік, қоймалық және техникалық бөлмелер бар.  Көрермендер залы 2153 орынға есептелген, телескопиялық орындықтар кеңістікті өзгертіп, декорацияны қозғалтуға мүмкіндік береді. Көрермендер залының интерьері кеңістікті құратын акустикалық панельдерді қолдану арқылы табиғи түстер гаммасымен орындалған. Атриум залының әйнек шатыры ғимаратқа табиғи жарық беріп тұрады.  Демалу мен әңгімелесуге арналған жайлы қоғамдық аймақ бар. Қабаттар төрт понарамалы жедел сатылармен және басты атриумды қоршап тұрған екі салтанатты сатымен байланысқан.
Үшінші қабатта көркемдік әкімшіліктің кеңселері мен ресми делегациялардың кездесуіне арналған залдар орналасқан. Сондай-ақ, Конгресс-орталықта электромеханикалық жүйелерді қолдану арқылы берілген нөмірдің киімін әкелетін гардеробтың автоматтандырылған жүйесін құру қарастырылған. Бір оператор 500-ден аса келушілерге қызмет көрсете алады. Нысанның кереметтілігі бастапқы кезеңнің өзінде ғимараттың оңтайлы пішінін жасауға мүмкіндік берген жобалаудың сандық тәсілдерін қолдануда жатыр. Сонымен қатар, қиын қисық сызықты элементтерінің, ғиамарт қасбетінің, шыныпакет пен қасбет панельдерінің есебінен жобалау мен тұрғызу мерзімі қысқарған.

EXPO – 2017

Пікір жазу