Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » НЕСИЕНІ ЖАБАМЫН ДЕГЕН АЛАЯҚ

НЕСИЕНІ ЖАБАМЫН ДЕГЕН АЛАЯҚ

Түркістан облысы полицейлері тұрғындардың несиесін жауып беремін деген алаяқты ұстады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.
Отырар АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын алаяқтық бойынша арыз түсірген. Жәбірленуші әйелдің айтуынша ағымдағы жылдың қаңтар айында өзіне жақсы таныс емес жас жігіт алдап, сеніміне кіру арқылы, несиеңіздің 10% берсеңіз, қалған барлық қарыздарыңызды төлеп беремін деп уәде берген. Осылай алдау арқылы алаяқ тұрғыннан 700 000 теңгесін алып, содан бері жоқ болып кеткен. Аталған, жайт Отырар АПБ-не ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды.
Аталған қылмысты ашу мақсатында полиция бөлімінде тәжірибелі қызметкерлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктіні ұстады. Ол Ордабасы ауданының тұрғыны болып шықты.
Тергеу барысында, полиция қызметкерлері ұсталған азаматтың тағы да осындай 16 алаяқтық дерегіне қатысы бар екенін анықтады.
Қазіргі уақытта аталған жайттар бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Тәртіп сақшылары алаяқ азаматтың құрбандары бұдан да көп болуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды және оның басқа қылмыстарға қатыстылығын анықтауда.
Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қаржы мәселелерін шешуге күмәнді көмек ұсынатын бейтаныс адамдарға мұқият болу және артық сенімсіздік көрсетпеу қажеттігін ескертеді. Егер осындай қылмыстардың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, онда сізге «102» телефоны бойынша полицияға хабарласу қажет.

©️ DIDARBEK.kz

Пікір жазу