Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ

ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ

Техникалық және кәсіптік білімді дамытуға бағытталған «Worldskills Turkestan 2020»  байқауында Түркістан облысының 319 студенті 46 мамандық бойынша бақ сынауда. Чемпионат 10 күн бойы жалғасады. Әлемнің 83 мемлекетіне таралған халықаралық біліктілік сайысы колледж студенттері мен жас мамандар арасында білікті кадрларды анықтауға мүмкіндік береді. Мақсаты —  жұмысшы мамандығының беделін және кәсіптік білім сапасын арттыру.

Сайыста жастардың тәжірибелік дайындығы мен кәсіптік біліктілігі шыңдалып, шығармашылығы мен жоғары еңбек мәдениеті, заманауи, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды іс жүзінде қолдана алу біліктілгі сыналады. Сайыстың биылғы ерекшелігін атап өтер болсақ, Түркістан шаһары үшін аса маңызды құрылыс саласына мейлінше назар аударылып отыр. «BI Group» компаниясы білікті мамандарға қолдау көрсетіп, демеушілік жасауда.  Жеңімпаздары ұлттық чемпионатқа жолдама алады. Сонымен қатар, бірінші орын иегеріне теледидар, екінші орын иегеріне планшет табысталады. Қалған жеңімпаздарға да арнайы сыйлықтар қарастырылған.

Түркістан өңірі аталған Чемпионатқа 2015 жылдан бастап қатысып келеді. Осы жылдар ішінде қол жеткізген жетістіктер аз емес. Былтыр мәселен Нұр-Сұлтан қаласында өткен «WorldSkills Kazakhstan — 2019» V республикалық чемпионатына облыстан 33  студент қатысып, оның ішінде өз шеберліктерін көрсете білген 17 дарынды жас 4 алтын, 2 күміс, 2 қола, 9 медальон жеңіп алды. Жалпы командалық есепте облысымыз үшінші орынды иеленген болатын. Облыстың студенттеріне биыл да үлкен үміт артылып отыр.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу