Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР ӘСПЕТТЕЛДІ

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР ӘСПЕТТЕЛДІ

Рәміздер — халқымыздың рухын, ұлттық санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгі болып саналады. Кез-келген мемлекеттің көркейіп, гүлденуі сол мемлекеттің төл рәміздеріне деген құрмет сезімінен өрбиді. Біздің елімізде бұл мереке 1992 жылы 4-маусым күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы Заң қабылданғалы бері аталып келеді.
Бүгінде бұл мереке Сарыағаш ауданында да аталып өтті. Сарыағаштық жастардың патриоттық сезімін ояту, біздің мемлекеттік туымызға деген оның құндылық қасиеттерін арттыру мақсатында мемлекеттік рәміздер күніне орай авто шеру өтті. Олар Төле би алаңынан бастап Самал шағын ауданына дейін жүріп өтті. Жастар көк туды желбіретіп қала көшелерін аралады.
Белсенділерге Сарыағаш қаласының көп қабатты тұрғын үйлерінің тұрғындары да қосылды. Тұрғын үйдің қылтималарында еліміздің көк туын желбіретті.
Шара кезінде бейбітшілік пен ынтымақтастықтың символына айналған көк туымыз, елтаңбамыз бен асқақ әнұранымыз әспеттелді.

©Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір жазу