Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » ЭКСПО – 2017: Арт-орталық

ЭКСПО – 2017: Арт-орталық

Арт-орталықтың бағдарламасы қалың бұқараға арналған.

Шаралар тізбегін құру мақсатында Францияның Ұлттық мұражайлар бірлестігі мен Үлкен Сарай (Grand Palais) және «Гараж» қазіргі заманғы өнер мұражайы тартылды.

Павильонның бірінші қабатында «Гараж» мұражайымен бірлесіп жасалған көрме және танымдық жобалар ұсынылады. Павильонның дәрісханасында арт-нарық, заманауи тәлімгерлік тәжірибе мен баспа ісіне арналған дәрістер мен пікірталастар өткізіледі. Сонымен қатар қазіргі заманғы өнерге арналған 300 фильмнің көрсетілімі жоспарланып отыр. Фильмдер қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде субтитрлармен көрсетіледі.

Павильон келушілері үшін балаларының шығармашылық қабілеттері мен ерекше ойлауын дамытатын, ой-өрістерін кеңітетін балалар мен отбасылық бағдарламалар күнделікті өткізіледі. Сондай-ақ қазіргі заманғы өнерге арналған кітапхана жұмыс істейді.

«Гараж» мұражайының қатысуымен инклюзивті бағдарлама ұсынылып, мүгедек адамдарға көрме және танымдық жобаларға қатысу мүмкіндігі жасалған. Саңырау және құлағы нашар еститін келушілерге арналған ыммен сөйлеу экскурсиялары өткізіледі. Интеллектуалды дамуында ерекшеліктері бар келушілер үшін ақпаратты жақсырақ меңгеруге мүмкіндік беретін дидактикалық материалдар мен визуалды оқу құралдары даярланған. Зағип және көзі нашар көретін келушілерге арналған экскурсиялар тифлотүсіндірмелер және түйсіну үлгілерін қолданылуымен өтеді.

Екінші қабатта 13 елден келген 17 заманауи суретшінің қатысуымен «Artists&Robots» көрмесі ұсынылады. Grand Palais көпшілікке медиа өнерінің үздік үлгілерін көрсетеді: затқа қарап сурет салатын робот, робот-мүсінші, бейне-арт, көптеген жұмыстар сол уақытта жасалып, жиналған халықты шығармашылық барысына еліктіреді.

EXPO – 2017

Пікір жазу