Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ІЗІН СУЫТПАЙ ҰСТАДЫ

ІЗІН СУЫТПАЙ ҰСТАДЫ

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне малдары ұрлағаны жөнінде екі жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленушілердің айтуынша ағымдағы жылы маусым айының 3-нен 4-не қараған түні белгісіз тұлғалар олардың ауласынан екі жылқыны ұрлап кеткен. Бұл деректерді полицейлер СДТТБТ-да ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «мал ұрлығы» бойынша тіркеді. Ұрланған малдың құны миллионға жуық теңгені құрады.
Сарыағаш АПБ-да орын алған мал ұрлығын анықтауға бағытталған тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Полиция қызметкерлері жақын маңдағы ауылдар мен жайылымдарды аралап, көршілер мен ауылдықтардан сұрастырды.
Нәтижесінде жедел уәкілдерге көрші кентте көшелердің бірінде бөтен жылқылар байлаулы тұрғаны туралы ақпарат келіп түсті. Аталған мекен-жай бойынша шұғыл Сарыағаш АПБ-нің жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Тұрарбек Дінмұхамед пен Отен Ислам жетіп, ұрланған жылқыларды тауып алған. Тәртіп сақшылары күдіктілерді қылмыс орнында «ізін суытпай» ұстап алу үшін, күдіктілерді күтіп отырған. Түнде ғана барымташылар олжасына оралғаннан кейін, полицейлер мал ұрыларын қолға түсірді. Олар Сарыағаш қаласының тұрғындары болып шықты, біреуі ұрлық жасағаны үшін сотты болған.
Қазіргі уақытта мал ұрлығы деректері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сарыағаш АПБ-нің тергеуінде ұсталғандардың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Айғақты зат ретінде алынған жылқыларды полиция қызметкерлері заңды иелеріне қайтарып берді.
Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болу және малдарын қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Сондай-ақ мүмкіндігінше өзінің шаруашылық аулаларын нығайту, жарықтандыру және сенімді қоршаулар мен құлыптар орнату қажет.
Үй жануарлары ұрланған немесе жоғалған жағдайда тез арада «102» телефоны бойынша полицияға хабарласыңыз.

©️ ТО ПД-нің баспасөз қызметі

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*