Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » АССАМБЛЕЯ ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

АССАМБЛЕЯ ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

Шымкент қаласындағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйытқы болуымен қайырымдылық іс-шарасы өтті.

Арыс қаласы Т.Тәжібаев атындағы отбасылық үлгідегі балалар үйі «Бәйтерек» тобының 10 баласын өз қамқорлығына алған ассамблея балаларға қажетті мектеп формасы мен сырт киімдерді тарту етті.  Алдағы оқу жылымен құттықтаған облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов жас буынға ассамблея тарапынан үнемі қолдау болатынын жеткізіп, оларға сабақтарын жақсы оқып, лайықты тәрбие алуды аманаттады.

– Баршаңызға мәлім, облыстық ассамблея мен этномәдени бірлестіктер өңірдегі балалар үйіне тұрақты қолдау көрсетіп келеді. Ал, Арыстағы балалар үйінің «Бәйтерек» тобын біз тікелей өз қамқорлығымызға алғанбыз. Әр мереке сайын сендермен жүздесіп, өзара байланысымызды бекемдеу үшін түрлі бағытта жұмыс істеп келеміз. Сендер оңтүстікқазақстандық ассамблеяның төл перзентісіңдер. Ал, сендерге жылына бір рет емес тұрақты қолдау көрсету, бізге абыройлы міндет, деді ассамблея хатшылығының меңгерушісі

Сондай-ақ, шара барысында этномәдени бірлестіктердің төрағалары балаларды алдағы жаңа оқу жылымен құттықтап, ыстық лебіздерін білдірді. Өзара түсіністік пен тұрақтылықтың, бірлік пен тыныштықтың, бауырмалдық пен сыйластықтың мән-мағынасын ұғындырды.

Шараға арнайы шақырылған «Алтын адам» тігін фабрикасы басшысының орынбасары Анатолий Ким «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында қолға алынған мерекелік іс-шараға алғысын білдіріп, балаларға арнайы тігілген мектеп формаларын табыстады.

Облыстық ассамблеяның жаңа ғимаратында орналасқан  этномәдени бірлестіктердің қызметімен танысқан оқушылар бұдан кейін «Шымкент плаза» ойын-сауық орталығындағы түрлі атракциондарда ойнап, көңілдерін бір сергітіп қайтты.

Естеріңізге салайық, биыл жыл басынан бері облыстық ассамблеяның үйлестіруімен 27,6 млн. теңгенің қайырымдылық көмегі мұқтаж азаматтарға берілді.

Өз тілшімізден

Пікір жазу