Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » КАРАНТИН УАҚЫТЫ ҰЗАРТЫЛДЫ

КАРАНТИН УАҚЫТЫ ҰЗАРТЫЛДЫ

Бүгін Ордабасы ауданының орталығында Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Нұрбек Садықбекұлының 2020 жылғы 6 маусымдағы 23 қаулысына сәйкес Түркістан облысы аумағында короновирустық инспекциясының таралуын алдын алу жөніндегі шектеу істер, шектеу іс шараларды және карантин аумағында енгізілген карантин режимі талаптарын сақтау, оның орындалуын үшін ауданда мобильді топ құрылған болатын.

Аудан әкімінің тапсырмасымен құрылған мобильді топтың мүшелері ауыл округтерінде орналасқан сауда нүктелерін, қоғамдық тамақтану орындарын, тіс емханасын, әсемдік салондарын, тағы басқа нысандарды аралап, карантин режимін бұзбау мақсатында кезекті рейдтік ісшара жүргізді. Ең алдымен аудан орталығына санитарлық дезинфекциялау жұмыстарын қатаң сақтауды түсіндірді.

Аралау барысында бірқатар нысандар талапқа сай болмай шықты. Ордабасы аудандық ТКҚСҚБ басқармасының санитарлық-гигиеналық қадағалау және техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімі жеке кәсіпкерлерге ескертпе қағазын толтырды. Алдағы уақытта толтырылған ескертпеден нәтиже шықпаса, тиісті органдарға жолданады. Рейідтік іс-шара алдағы уақытта тұрақты түрде жүргізіліп отыратын болады.

©Өз тілшімізден

Пікір жазу