Басты бет » Ауыл жаңалықтары » КӘРІЗ ЖҮЙЕСІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛУДЕ

КӘРІЗ ЖҮЙЕСІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛУДЕ

Шардара ауданында 75 көпқабатты тұрғын үйдің сыртқы қасбетін қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Халқының саны 80 мыңға жуықтаған шағалалы өңірде тазалық, көркейту-көгалдандыру басты назарға алынған. Оған қоса 1983 жылы салынған ескі кәріз жүйесі толықтай тазаланып қалпына келтірілуде, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі М.Жорабайдың материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

Бүгінде 100 азамат ақылы қоғамдық жұмысқа тартылған. 37 жыл бұрын кеңес заманында қолданысқа берілген кәріз жүйесін жөндеу жұмыстары басталды. Жаңа жүйе іске қосылса қала тұрғындарының 35-40 пайызға жуығы кәріз жүйесін пайдалануға мүмкіндік алады. Бұл өз кезегінде бюджеттің қаржысын үнемдеп, қосымша табыс табудың алғышарттары. Республикалық қазынадан қаралған 1 млрд 200 млн теңгеге салынып жатқан кәріз жүйесі сағатына 2 мың текше метр сарқынды су қабылдауға қауқарлы. Шведтік технологиямен жасалған жүйенің жұмысына бүгінде немқұрайлы қарайтындар да кездесуде. «Біз қазір мүмкіндігінше халықтың арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз. Себебі, тұрғындар арасында кәріз жүйесін пайдаланудың ережесін сақтай бермейтіндері көп.

Ас- ауқаттың қалдығын төгіп, балалардың жөргектерінтастайтындар бар. Олар трубаларға тығылып, сарқынды су сыртқа тасиды дейді,- мамандар.Ұзындығы 4,5 шақырымды құрайтын жарамды күйде қалған ескі кәріз жүйесін тазалауда кездескен қиындықтардың тағы бірі – кезінде қала аумағын кеңейту жұмыстары жүргізілгенде трубалардың біразы жеке тұрғын үй секторларының аумағында қалып қойған. Сарқынды су құдықшаларыескіріп, жарамсызкүйдеқалған. «Шардара сервис» мекемесі қызметкерлерінің табанды еңбегінің нәтижесінде жарамсыз жабдықтар толықауыстырылып, кемшіліктер жойылған.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*