Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » «АБАЙ ӘЛЕМІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОНЛАЙН КОНФЕРЕНЦИЯ

«АБАЙ ӘЛЕМІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОНЛАЙН КОНФЕРЕНЦИЯ

 

С. Пушкин атындағы Түркістан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен Ә. Науаи атындағы Өзбекстан Ұлттық кітапханасы бірлесіп Халықаралық конференция ұйымдастырды. «Абай әлемі» деп аталатын шараның өтуіне еліміздің Өзбекстан Республикасындағы Елшілігі және өңірлік Мәдениет басқармасы қолдау білдірді. Екі ел арасындағы достықты нығайтуға арналған бастама Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналды, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Ә.Дәулетбекқызының материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

Ұлы тұлғаның асыл мұраларын дәріптеуге арналған онлайн конферненция ZOOM платформасында өтті. Басқосуға Өзбекстан Ұлттық Кітапханасының өкілдері, ғалым ұстаздар мен түстік өңірдің зиялы қауымдары қатысты. Олар ғаламтор желісі арқылы өзара сұқбат құрап, Абайдың шығармаларын насихаттады.Халықаралық Конференцияның басты мақсаты: әлемге аты таныс ұлы тұлғаның шығармаларындағы терең ойды түсіндіру. Бауырлас Өзбек еліндегі осы бағытты қамтитын ауқымды жобалармен танысу еді. Онлайн жиында қатысушылар Ұлтын ерекше сүйген дананың өр бейнесін, қайсар қаламынан туған рухты туындыларын жаңғыртты.

Айта кетейік, әлемді дүрліктірген COVID19.пандемиясы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына кері әсерін тигізбеді. Ұлттың ұлы  брендіне арналған шара елімізде онлайн форматта өтуде. Оған тіпті шет елдік оқырмандарда өз үлестерін қосуда.  Бүгінгі фейсбук әлеуметтік желісі арқылы өткен халықаралық тікелей байланыс соның айғағы. Қазақтың Абайы-қазақтың мәдени, рухани капиталы, ұлттық мақтанышы.

©Өз тілшімізден

Пікір жазу