Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » ЭКСПО – 2017: Бағдарлама

ЭКСПО – 2017: Бағдарлама

Құрметті Астана қаласының тұрғындары және қала қонақтары!

Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын насихаттау және ақпараттық ілгерілету арқылы қоғамдық сана-сезімді жаңғыртуға үлес қосу мақсатында Астана қаласында 2017 жылғы 29 тамыз – 3 қыркүйек аралығында «ЭКСПО – 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Оңтүстік Қазақстан облысының күндері өтеді.

29-31 тамызы аралығында «Бейбітшілік және келісім» сарайында өтетін көрмеге өңіріміздің тамақ және жеңіл өнеркәсібі, машина жасау, фармацевтика және құрылыс заттары салаларының 50-ден астам кәсіпорындары қатысады. Сондай-ақ, 30 тамыз күні сағат 11.00-де Астана қаласының оқушылар сарайында «Күш атасы — Қажымұқан» анимациялық фильмінің тұсаукесері өтсе, 31 тамыз күні «Отырар дастаны», «Қазақстан барысы», «Толағай», «Қазақстан бренді» анимациялық фильмдерін Астана жұртшылығы тамашалайтын болады.

Демалыс күндері «Қазанат» ипподромында аударыспақ, қыз қуу, жамбы ату, теңге ілу, құсбегілік және ат үстінде өнері көрсетілетін болса, 3 қыркүйек күні «Этноауылда» қазақ күресі, асық ату, тоғызқұмалақ және көрермендер арасында «Қошқар көтеру» сайысы ұйымдастырылады.

3 қыркүйек күні сағат 21.30-да ЭКСПО алаңындағы амфитеатрда Оңтүстіктен шыққан қазақ эстрадасының жұлдыздары Нұрлан Өнербаев, Қайрат Нұртас, Алтынай Жорабаева, Жұбаныш Жексенұлы және тағы басқа да көптеген өнер майталмандары өнер көрсететін «Ән мен күй әлдилейді Астананы!» атты қорытынды Гала-концерті өтеді.

Ұлысымыздың ұйытқысына айналған Оңтүстігіміздің тартуын қабыл алыңыздар! Мүмкіндікті жіберіп алмаңыздар!!!

Бұны көрген де арманда, көрмеген де арманда!..

Пікір жазу