Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕ ҚҰРЫЛДЫ

ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕ ҚҰРЫЛДЫ

Шымкент қаласында әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында басқару жүйесін оңтайландыруға арналған жобалық кеңсе құрылды. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысының жыл соңына дейін экономикалық өсімді қалпына келтіру тапсырмасы аясында жүзеге асырылып отыр.

Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен «Шымкент қаласының даму бағдарламасы» аясында Жобалық Кеңсенің алғашқы отырысы өтті. Жиынның күн тәртібінде жобалық рөлдерді және басшылардың жеке жауапкершілігі мен жобалық кеңсенің 2020 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту, ҚР Үкіметінің экономикалық өсуді осы жылдың соңына дейін қалпына келтірудің кешенді жоспарын Шымкент қаласында жүзеге асыру сынды 3 мәселе қаралды.

Қала басшысы аталған жобаны тиімді жүзеге асыру үшін арнайы индикаторлық жүйеге қосылуға тапсырма берді. Ол аудан, басқарма басшылары мен әкім орынбасарларының жұмысын онлайн түрде бақылап отыруға мүмкіндік береді.

– Осы индикатор арқылы біздің істеген жұмысымыздың нәтижесі онлайн түрде көрінеді. Әсіресе пандемия кезінде өте тиімді. Аталған жоба алғаш болып Шымкентте қолға алынып жатыр. Сондықтан осы жұмысты шын көңілмен, бірігіп жасауға шақырамын,-деді М.Әйтенов.

Айта кетейік, Жобалық кеңсенің негізгі міндеті қала деңгейіндегі проблемалық мәселелерді шешуге жәрдемдесу.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір жазу