Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҰРҒЫНДАРДЫ ШЕБЕРЛІККЕ ҮЙРЕТУДЕ

ТҰРҒЫНДАРДЫ ШЕБЕРЛІККЕ ҮЙРЕТУДЕ

Түркістан облысы әкімдігінің  бастамасымен «Nur Otan» партиясының Мақтаарал аудандық филиалы Фирдауси елдімекенінде құрылыс мамандарын шақыртып, мастер-класс ұйымдастырды. Ондағы мақсат – тұрғындарға құрылыс талаптарын үйретіп, баспаналардың  сапалы әрі талапқа сай бой көтеруіне ықпал ету.

Мастер-класс қатысушылармен тікелей өзара әрекет түрінде өтті.  Шара барысында тұрғындарға үйдің іргетасын құю кезінде қанша цемент қосу керектігі, кірпіш қалауда қандай талаптарды сақтау қажеттігі жан-жақты түсіндірілді. Тіпті мамандар құрылыс талаптарын әр элемент бойынша іс барысында да көрсетіп берді.

«Бүгінде ауылымызда тұрғындар үй салу жұмыстарын бастап жіберді. Мемлекет 17 млн теңгеміздің тең жартысын аударып берді. Ендігі мақсат – құрылыс жұмыстарының қарқынын пәсеңдетпеуіміз қажет.  Бүгін жергілікті партия белсенділерінің үйлестіруімен мастер-класс ұйымдастырылды. Бұл бізге өте қажет еді. Өйткені тұрғындардың көбі құрылыс жұмыстарының талаптарын біле бермейді. Осыны ескерген жанашырларға алғыс айтамыз», – дейді Фирдауси ауылының тұрғыны Мұхамеджан Мирзаходжаев.

 Қазіргі таңда фирдаусилық тұрғындар мемлекеттен берілген қаржыларына үй тұрғызу жұмыстарын жалғастыруда.  Айта кетейік, топан судан зардап шеккен Фирдауси ауылында жалпы 338 үй бар болса, соның бүгінде 271 үй толығымен бұзылған. Бүгінде мұнда 26 үйдің іргетасы құйылып, 3 баспананың қабырғасы қалануда.  Өйткені таяуда ғана  фирдаусилық 183  отбасының әрқайсысына 17 млн теңгенің 50 пайызы яғни, 8,5 млн теңгесі толық аударылған болатын.

©Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*