Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ИГІЛІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТЫ

ИГІЛІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТЫ

Өңірімізде мемлекеттік бағдарламалар арқылы кәсіп ашатын шаруалар қатары көбеюде. Мәселен, «Игілік» бағдарламасымен несие алып, мал өсірумен айналысатын тұрғындар саны артуда. Соның бірі, Түлкібас ауданына қарасты Қараағашты ауылының тұрғыны Талғат Айдарқұлов. Жылқы өсірумен айналысатын кәсіпкер «Игілік» бағдарламасы аясында кәсібін кеңейткен.

Мемлекеттік қаржы ұйымдарының қамқорлығының арқасында ауылда  мал айдаған қазақтың қарасы көбейді. Мал бордақыланып, елде ет өндіру әлеуеті артты. Ауданда несие берудің нәтижесінде түрлі жобалар жүзеге асуда.   Мемлекеттен қолдау арқылы 10 жылқы сатып алған. Айта кету керек ауданда мал шаруашылығынан бөлек несиелендіру жұмысы әлеуметтік салада да жүйелі жүруде.

Бүгінгі таңда аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен барлық деңгейдегі қаржы институттарын тарта отырып, жергілікті кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие алу бойынша түсіндіру жұмыстары қарқынды жүруде. Ауданда мемлекеттік бағдарлама аясында берілетін қаржының мөлшері артқан.  Аталған іскерлік алаң өз жұмысын жалғастыра береді. Сондықтан бизнес бастап, өз ісін ашамын деуші жастарға мүмкіндіктер мол.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу