Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » ЭКСПО – 2017: Күнгей жақтың әзілі

ЭКСПО – 2017: Күнгей жақтың әзілі

Құрметті Астана қаласының тұрғындары және қала қонақтары!

Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын насихаттау және ақпараттық ілгерілету арқылы қоғамдық сана-сезімді жаңғыртуға үлес қосу мақсатында Астана қаласында 2017 жылғы 29 тамыз – 3 қыркүйек аралығында «ЭКСПО – 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Оңтүстік Қазақстан облысының күндері өтеді.

Бес күнге созылатын дүбірлі тойдың алғашқы күні оңтүстікқазақстандық өнер майталмандары «Түркі елінің түп тамыры – Оңтүстіктен мерейлі Астанаға сәлем!» өнер керуені, «Сәлем Астана! Сәлем, ЭКСПО!», «Оңтүстік әзілдері» шоу-концерттерін ұсынады.

Оңтүстік Қазақстан облысының күндері аясында 29-тамызда Астана концерт залында (Конгресс-Холл) сағат 19.00-де «Оңтүстік әзілдері» атты Оңтүстік Қазақстан облысы әзіл-сықақ театрларының шоу-концерті өтеді. Шынайы күлкі – адам өмірін ұзартады. Ендеше, Оңтүстік өңірінің тәрбие мен тағылымға толы әзілдерімен өміріңізді ұзыртқыңыз келсе, Шоу-концертке келіңіздер!!!

Ұлысымыздың ұйытқысына айналған Оңтүстігіміздің тартуын қабыл алыңыздар! Бұндай мүмкіндік бола бермейді, жіберіп алмаңыздар!!!

Келіңіздер, көріңіздер!

Пікір жазу