Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ТОЙХАНА ҚЫЗМЕТІНЕ РҰҚСАТ ЕТІЛМЕЙДІ

ТОЙХАНА ҚЫЗМЕТІНЕ РҰҚСАТ ЕТІЛМЕЙДІ

Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр, қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Ә.Төлебаевтың қатысуымен өткен жиында тойхана, мейрамханалардың мәселесі талқыланды.

– Бүгінде қалада эпидемиологиялық жағдай күрделі. Сондықтан карантиндік режим аяқталғанша тойханалардың қызметін бастауға рұқсат берілмейді. Егер 22 маусымнан кейін санитарлық — эпидемиологиялық жағдай тұрақталса, тойханаларды ашуға байланысты жеңілдіктерді қарастырамыз, -деді қала әкімінің орынбасары Ербол Әбілхайырұлы.

Айта кету керек, Шымкентте сыйымдылығы 250 адамнан асатын 100-ге жуық тойхана бар. Төтенше жағдай енгізілгенге дейін әр тойханада айына орта есеппен 15 тойдан өткізіліп келген. Жалпы бұл салада 6 мыңнан астам адам жұмыс істесе, 500-ден астам кішігірім бизнес ұйымдары осы салада қызмет көрсетеді.

Бүгінде тойхана есебінен жан баққан азаматтардың 90 пайызы жұмыссыз қалып отыр.

Жаз айы басталып, тойханалардың қашан ашылатындығын асыға күткен тойхана иелері мен қызметкерлеріне қауіпті дерттің беті қайтса, жуықарада мейрамхана есіктері қайта ашылады деп сенеміз.

© Ануар Жумашбаев

 

Пікір жазу