Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » 39 259 АЗАМАТ ТҰРҒЫН ҮЙГЕ МҰҚТАЖ

39 259 АЗАМАТ ТҰРҒЫН ҮЙГЕ МҰҚТАЖ

Шымкентте 39 259 азамат тұрғын үйге мұқтаж. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің қатысуымен өткен жиналыста қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекция басқармасының басшысы Ғалымжан Төлепов айтты.

Ғ.Төлеповтың айтуынша, жыл соңында 450 көп балалы отбасы, 394 әлеуметтік жағынан осал топтағы азамат, 300 жас баспаналы болады.

Айтып өтейік, ағымдағы жылы «2-10-20» бағдарламасы бойынша 1047 аз қамтылған отбасы электронды түрде несие арқылы пәтер алуға өтінім берген. Қазіргі таңда құжаттарды тексеру жұмыстары жүргізілуде. Ал «7-20-25» бағыты бойынша 219 азамат, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы 73 азамат баспаналы болған.

Жыл соңына дейін «2-10-20», «7-20-25» бағдарламасымен бастапқы жарнаның бір бөлігіне әлеуметтік көмек ретінде қайтарымсыз негізде жергілікті бюджеттен ақша қаралып, сертификаттар беру жоспарланған.

Жалпы Шымкентте кезекте тұрғандар: жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар – 1631, көпбалалы – 5188, әлеуметтік жағынан әлсіз топ – 12829, мемлекеттік және бюджеттік ұйым қызметкерлері – 19585, жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған – 26.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу