Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » ЭКСПО – 2017: «Оңтүстік Цирк» ұсынады

ЭКСПО – 2017: «Оңтүстік Цирк» ұсынады

Құрметті Астана қаласының тұрғындары және қала қонақтары!

Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын насихаттау және ақпараттық ілгерілету арқылы қоғамдық сана-сезімді жаңғыртуға үлес қосу мақсатында Астана қаласында 2017 жылғы 29 тамыз – 3 қыркүйек аралығында «ЭКСПО – 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Оңтүстік Қазақстан облысының күндері өтеді.

Оңтүстік Қазақстанның күндері аясында облыстың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, мәдениеті мен байлығын паш ететін 43 мәдени көпшілік іс-шарасы елордалықтар мен қала қонақтарының назарына ұсынылатынын тағы бір еске саламыз.

Бес күнге созылатын дүбірлі той барысында оңтүстікқазақстандық цирк өнерінің майталмандары ұсынған арнайы бағдарламаны тамашалауға келіңіздер!

Оңтүстік Қазақстан облысының Астанадағы күндері аясындағы алғашқы күні «Оңтүстік Цирк» өнерпаздары Елордадағы Бәйтерек алаңында өтетін «Сәлем Астана! Сәлем ЭКСПО – 2017» мерекелік шоу бағдарламасына шақырады! Өтетін уақыты: 20-тамыз, сағат 20:00-де. 1-қыркүйек, сағат 19:00-де осы бағдарламаның жалғасы ұсынылады.

Ұлысымыздың ұйытқысына айналған Оңтүстігіміздің тартуын қабыл алыңыздар! Бұндай мүмкіндік бола бермейді, жіберіп алмаңыздар!!!

Бұндайды көрмеген арманда қалады!..

Пікір жазу