Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » СЫРА ӨНІМІН ШЕТЕЛГЕ ШЫҒАРУДА

СЫРА ӨНІМІН ШЕТЕЛГЕ ШЫҒАРУДА

Шымкент сырасы өз өнімін шетелге шығаруда. Бұл туралы қаладағы кәсіпкерлікті қолдау мақсатында шаһар басшысы Мұрат Әйтенов «Шымкент сыра» зауытын аралау барысында мәлім болды.

Сыра зауытының аумағы 9 гектар. Жылына 2 миллион гига литрге жуық өнім шығарады. Бүгінгі таңда өндіріс қуаттылығы жоғары, сапалы өнім беретін отандық ірі кәсіпорын ретінде көш бастап тұр.

«Шымкент сыра өндіру зауыты» ЖШС-ның атқарушы директоры Наталья Антонова қала әкіміне өндірістің ішкі жұмыстарын таныстырып қана қоймай, болашақтағы жоспарларын да баяндады.

Сыра зауыты бүгінде 500 адамды жұмыспен қамтып отыр. Жақын күндері квас секілді алкогольсіз өнім шығаруды жоспарлауда. Отандық өнім ішкі нарықты ғана емес, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Қытайға да жөнелтіледі.

Зауытты аралау кезінде қала басшысы Мұрат Дүйсенбекұлы кәсіпкерлікті дамыту бағытында мемлекеттік бағдарламалар аясында инвестиция тарту жолдарын қарастыру жөнінде тиісті басқарма басшысына тапсырма берді.

@Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір жазу