Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ДЕЗИНФЕКЦИЯ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ДЕЗИНФЕКЦИЯ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Шымкент қаласындағы Еңбекші ауданы әкімдігі тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғау және коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына жол бермеу мақсатында аудан аумағында дезинфекциялау жұмысын тұрақты түрде жүргізді.

Ауданда орналасқан тұрғындар көп шоғырланатын 780-ге жуық коммерциялық нысандардың іргелес аумақтары және ірі сауда орындары (Фиркан, Магнум, Грамад, Эврика) мен базарлардың (Айна, Көктем, Исатай) аумақтарын дезинфекциялау (гипохлорид ерітіндісі) жұмыстары да кестеге сай орындалды.

Залалсыздандыру жұмысына №35748 әскери бөлімнің 120 сарбазы мен 12 арнайы техника жұмылдырылған. Олар аудан аумағындағы 515 көше, 435 аула және 465 жертөле мен 2250 кіреберістерді залалсыздандырды.

Жалпы, медицина мамандарының айтуынша карантин талаптарын қатаң сақтап, бірқатар ережелерді ұстану арқылы адам вирустық инфекцияның жұғуынан сақтана алады. Айтап айтқанда қолды жиі сабындап жуу, медициналық маска тағып, оны екі сағат сайын ауыстырып отыру, адам көп жиналған жерлерге бармау, жуылмаған жеміс-жидектерді, шикі сүт өнімдерін, шала піскен ет тағамдарын жемеу.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу