Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » СІЗ БІЛУІҢІЗ ҚАЖЕТ!

СІЗ БІЛУІҢІЗ ҚАЖЕТ!

Covid-2019 – коронавирустың осы уақытқа дейін анықталмаған жаңа түрі. Коронавирустар көбіне жануарларды зақымдайтын вирустар тұқымдасы болып табылады, бірақ кей жағдайда адамға да жұғуы мүмкін.

Covid-2019 – коронавирустың адам ағзасына әсер ете алатын жетінші түрі. Сондақтанда сақтанып жүріңіздер.

COVID-2019 СИМПТОМДАРЫ: Коронавирус кәдімгі тұмау тәрізді болғандықтан, оның алғашқы белгілерін көп адам байқай бермейді. Дегенмен, дәрігерлер келесі симптомдар білінсе, бірден дабыл қағуға кеңес береді:

• дене қызуының көтерілуі, жоғары тепмература;
• құрғақ қатты жөтел;
• бастың ауруы;
• кеуде тұсының ауруы;
• ентікпе және тыныс алудың бұзылуы;
• жүрек қағысының жиілеуі;
• пневмония;
• безгек;
• мұрынның бітуі;
• фарингит;
• диарея.

Осындай симптомдарды байқасаңыз, 103 нөміріне хабарласып, бірден медициналық мекемеге хабар беріңіз. Әсіресе вирус тараған елдерден сапарлап келген болсаңыз, міндетті түрде тексерілген жөн. Медицина мамандарының айтуынша карантин талаптарын қатаң сақтап, бірқатар ережелерді ұстану арқылы адам вирустық инфекцияның жұғуынан сақтана алады.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу